Александр Бублик Қытайдағы турнирдің ширек финалына шықты

286

Қазақстандық теннисші, әлемнің үздік 20 спортшысының бірі (ATP рейтингі – №19) Александр Бублик Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ATP-250 санатындағы турнирдің ширек финалына шықты.

Александр Бублик Қытайдағы турнирдің ширек финалына шықты Фото: Жеке парақшасынан

Екінші айналымда отандасымыз аустралиялық Александр Вукичпен (ATP – 93-орын) 3 сетке созылған тартысты матч өткізді. Қорытынды есеп – 6:7 (6:8), 6:4, 6:4.

Кездесу 2 сағат 15 минутқа жалғасты. Осы уақыт ішінде Бублик:

  • 24 эйс жасады,
  • 5 қос қате жіберді,
  • 10 брейк-пойнттің екеуін пайдаланды.

Қарсыласы болса 14 эйс тіркеп, 3 қос қате жібергенімен, бірде-бір брейк жасау мүмкіндігін пайдалана алмады.

Ширек финалда Бублик чехиялық Далибор Сврчинамен күш сынасады. Матч Ханчжоудағы орталық кортта бүгін, Қазақстан уақытымен сағат 16:30-да басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу