Александр Бублик Катардағы турнирдің екінші кезеңіне өтті

1111

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 14 ақпанда Доха корттарында басталған теннистен ATP 250 турнирінде қарсыластарынан басым түсіп, екінші күн қатарынан жанкүйерлерін қуантып отыр.

Александр Бублик Катардағы турнирдің екінші кезеңіне өтті

Жарыстың алғашқы күні қазақстандық теннисші венгриялық Мартон Фуковичпен бірге жұптық сайыста Додиг-Винус жұбын екі сетте де, 7:6 және 6:3 есебімен ұтты. Екі жұпта екі рет допты ойынға қосу барысында қиыс кетіп, Бублик-Фукович жұбы алты рет, ал олардың қарсыластары бес рет қателік жіберді. Осылайша, Бублик пен Фукович турнирдің екінші іріктеу кезеңіне өтті.

Ал Катардағы турнирдің екінші күні Александр жекелей жарысқа қатысты. 1/16 финалдық кезеңдегі қазақстандықтың қарсыласы словакиялық теннисші Йозеф Ковалик болды.

Қазақстанның үздік теннисшісіне жеңіске жету үшін 1 сағат 22 минут уақыт қажет болды. Ол екі сетте 6:2, 6:4 есебімен қарсыласын еш қиындықсыз жеңді. Ширек финалға шығу үшін Бублик Иржи Весела (Чехия) және Артур Риндернех (Франция) арассындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Сонымен қатар тағы бір қазақстандық теннисші халықаралық турнирге қатысуда. Александр Недовесов Флорида штатының Делрэй-Бич қаласында өткен ATP турнирін сәтті бастады. Недовесов турнирдің бірінші айналымында пәкістандық теннисші Айсам-ул-Хак Курешимен жұпта өнер көрсетті. Олар америкалық Блумберг-Пол жұбына қарсы кездесуде үш сетте 7:5, 6:7, 10:8 есебімен жеңіске жетті. Қазақстандық-пәкістандық жұп жеті рет допты ойынға қосу барысында қиыс кетіп, екі қосарланған қателікке жол берді. Сондай-ақ он брейк-пойнттың сегізін сәтті орындады. Осылайша, Недовесов пен Куреши турнирдің екінші іріктеу кезеңіне өтті.

Анна Данилина бельгиялық Кристен Флипкенспен бірге Дубай корттарында өтіп жатқан турнирдің бірінші айналымынан әрі аса алмады. Аустралия ашық біріншілігінің финалисті Анна Дубай чемпионатының алғаш кезеңінде бельгиялық әріптесімен бірге Дизайр Кравчук (АҚШ)/Эллен Перес (Аустралия) жұбынан жеңіліп қалды.

Бірінші сетте 5:7 есебімен жеңілген Анна мен Кирстен екінші сетте – 6:3 есебімен жеңіске жетті. Бірақ үшінші финалдық кезеңде тағы да қарсыластарына есе жіберді – 10:5. Осылайша, Данилина үшін Дубайдағы турнирді аяқталды. Бұған дейін ол жекелей жарыста да жеңіліп қалған болатын.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу