Қазақстандық теннисші жартылай финалда рейтингіде 103-орында тұрған нидерландылық Ботик ван де Зандсхулппен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда есеп 3:2 болған мезетте Бублик брейк жасап, сосын өз мүмкіндігін жібермеді – 6:3.
Есесіне екінші сетте Зандсхулп 3:0 есебімен алға шықты. Дегенмен Бублик қайыра екі брейк жасап, ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4.
Александр Бублик финалда рейтингіде 100-сатыдағы франциялық Артур Казомен чемпиондық атақты сарапқа салады.
Финалға шыққан Бублик 165 рейтингтік ұпай мен 52 890 еуро сыйақы алады. Сондай-ақ, АТР рейтингінде әзірге 27-сатыға көтерілді. Финалда жеңіске жеткен жағдайда тағы үш саты жоғарылайды.