Әлемнің 19-ракеткасы Александр Бублик Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен АТР-250 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды.
Финалда қазақстандық теннисші рейтингте 88-орында тұрған француз спортшысы Валентен Руайені 7:6 (7:4), 7:6 (7:4) есебімен тізе бүктірді.
Ханчжоудағы бұл титул 28 жастағы Александр Бубликтің 2025 жылғы бесінші жеңісі болды. Финалға шыққаны үшін Бублик 250 рейтингтік ұпай мен 154 980 доллар сыйақы иеленді. Енді дүйсенбі күні жаңартылатын әлемдік рейтингте ол 16-орынға көтеріліп, жеке рекордын орнатады.
Осылайша биыл Бублик бес титул жеңіп алды. Атап айтқанда Челленджер 175 – Турин, ATP 500 – Галле, ATP 250 – Гштаад, ATP 250 – Китцбюэль, ATP 250 – Ханчжоу.
Қазіргі таңда Бублик маусымдық чемпиондық жарыста 12-орында тұр және ATP маусым қорытынды турниріне алғаш рет қатысуға мүмкіндігі бар.