Ханчжоудағы (Қытай) ATP-250 санатындағы турнирдің жартылай финалында Бублик қытайлық У Ибинді 6:3, 6:3 есебімен жеңді. Кездесу тура 1 сағатқа созылды. Ойын барысында Бублик 17 эйс жасап, үш қос қате жіберді және бес брейк-пойнттың үшеуін жүзеге асырды.
Бұл Александр үшін мансабындағы 15-ші финал болмақ. Шешуші ойында қазақстандық теннисші француз Валентен Руаемен чемпиондық атаққа таласады. Кездесу 23 қыркүйек, 16:30 да өтеді.
Бұған дейінгі маусымда Бублик Германияның Галле қаласында өткен турнирде, сондай-ақ Швейцарияның Гштаад және Аустрияның Кицбюэль қалаларындағы топырақ төсенішті корттағы жарыстарда чемпион атанған болатын.