Александр Бублик Мадрид мастерс турнирінің екінші айналымына өтті

330

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 38-ракеткасы, америкалық Алекс Михельсенді жолдан тайдырды.

Александр Бублик Мадрид мастерс турнирінің екінші айналымына өтті Фото: ҰОК

Қазақстанның бірінші, әлемнің 75-ракеткасы Александр Бублик Мадрид мастерс турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бірінші партияда америкалық спортшы есеп 5:4 болған мезетте сетке доп бергенімен, сол мүмкіндігін мүлт жіберді. Тай-брейкте Бубликтің асығы алшысынан түсті – 7:6 (7:2).

Екінші сетте де қазақстандық теннисші тай-брейкте таразы басын өзіне аударды – 7:6 (7:4).
Бір сағат 47 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Александр Бублик 11 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың тек біреуін пайдаланды. Михельсен 1 эйс, 1 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.

Александр Бублик үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 26-ракеткасы, аустралиялық Алексей Попыринмен шеберлік таластырады. 

Өткен жылы Александр Бублик Мадридте төртінші айналымға дейін жеткен еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу