Отандасымыз үшінші айналымда әлемнің 8-ракеткасы, ресейлік Андрей Рублевпен бақ сынасты.
Теннисшілердің екеуі де 27-де, олар жасөспірім кезінен бір-бірін жақсы біледі.
Бірінші партияда Александр Бублик шеберлік танытты – 6:4. Екіншісінде Андрей Рублев артығымен есе қайырды – 6:0. Шешуші, үшінші сетті қазақстандық спортшы жеңіспен түйіндеді – 6:4.
1 сағат 22 минутқа созылған бәсеке барысында Александр Бублик 10 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың екеуін мүлт жібермеді. Андрей Рублев 12 эйс, 3 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.
Александр Бублик ширек финалға шығу үшін америкалық, әлемнің 13-ракеткасы Бен Шелтон немесе рейтингіде 23-орындағы чехиялық Якуб Меншиктің біреуімен таласады.
Өткен жылы Мадрид мастерс жарысында Андрей Рублев чемпион атанса, Александр Бублик төртінші айналымға дейін жеткен еді.