Әлемнің 23-ракеткасы, чехиялық Якуб Меншик ATP рейтингінде 75-орында тұрған Бубликті сенімді түрде жеңді – 6:3, 6:2. Осылайша, жеке кездесулердің есебі Якубтың пайдасына 2:1 болды.
Кездесу небәрі 57 минутқа созылды. Меншик өте мықты ойын өрнегін көрсетіп, 10 эйс жасап, тек бір ғана қос қате жіберді және 4 брейк-пойнттың үшеуін сәтті жүзеге асырды. Ал Бубликтің еншісінде – 4 эйс пен бір қос қате бар. Дегенмен, қазақстандық теннисші 3 мүмкіндіктің бірде-біреуін брейкке айналдыра алмады.
Якуб Меншик ширек финалда Германия өкілі Александр Зверев пен аргентиналық Франсиско Серундоло арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу