Александр Бублик Марсель турнирінің жартылай финалында

786

Бұл Александр Бублик үшін биылғы маусымдағы алғашқы жартылай финал.

Александр Бублик Марсель турнирінің жартылай финалында

ATP рейтингінде 50-орынға жайғасқан Қазақстанның бірінші ракеткасы Марсель (Франция) ATP 250 турнирінің 1/4 финалында әлемнің 25-ші ракеткасы болгариялық Григор Димитровтан басым түсті.

Кездесу "Пале де Спортс"  спорт сарайының орталық алаңында қатты төсенішті кортта өтті. үшінші сетте тай-брейкте қазақстандық 4:6 есебімен жеңілгенімен, дегенмен ойын қорытындысы бойынша Бублик Димитровты 7:5, 3:6, 7:6 (8:6) есебімен жеңді. Матчтың ұзақтығы 2 сағат 19 минутты құрады.

Бүгін 25 ақпанда Астана уақытымен 19:30-да өтетін жартылай финалда Бублик Польша өкілі, әлемнің 11-ракеткасы Хуберт Хуркачпен кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу