Александр Бублик Mutua Madrid Open турнирінің үшінші айналымына шықты

1070

Қазақстандық теннисші қарсыласын айқын басымдылықпен жеңді.

Александр Бублик Mutua Madrid Open турнирінің үшінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 14-інші, осы жарыстың 11-ракеткасы, канадалық Денис Шаповаловпен шеберлік байқасты. Бұған дейін қарсыластар өзара бір рет кездесіп, онда Бублик жеңіске жеткен екен.

Бірінші сетте қарсыластар төртінші геймге дейін ұпай алып отырды. Ал Шаповалов осы кездесудегі алғашқы брейк-пойнтты жасаған соң 3: 1 алға шықты. Алайда, Бублик бірден брейк-пойнтпен жауап беріп, допты ойынға қосқан соң есепті теңестірді. Тоғызыншы геймде ол қайтадан қарсыласы допты ойынға қосқанда тағы бір ұпай еншілеп, алғашқы партияның нүктесін қойды. Осылайша бірінші партияда Бублик басымдылық танытты – 6:4.

Екінші сетте 5: 5 есебімен Бублик брейк-пойнт жасады. Бірақ Денис қайтадан алға шықты. Кездесудің есебі 6:5 болып, Александр допты ойынға қосар алдында Шаповаловтың қолының саусақтары ауырып, медициналық үзіліс алды. Бұл үзіліс қазақстандық теннисшіге кері әсер еткендей болды. Осылайша екінші сетте канадалық спортшы есе қайырды – 7:5.

Үшінші, шешуші сетте есеп 3:3 болған мезетте Бублик брейк жасай алды. Матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4. Тартысты бәсеке 2 сағат 20 минутқа созылды. Жалпы қорытынды есеп 6:4, 5:7, 6:4.

Бублик жүлде қоры 2,6 млн еуродан асатын доданың ширек финалына шығу үшін әлемнің 9-ракеткасы, аргентиналық Диего Шварцман немесе рейтингте 27-сатыда тұрған ресейлік Аслан Карацевтің біреуімен таласады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу