Александр Бублик Париждегі турнирдің ширек финалына шықты

374

Ширек финалға шыққан Александр Бублик 100 рейтингтік ұпай жинап, маусымның қорытынды турниріне қатысатын үміткерлер қатарында 10-сатыға жайғасты. 

Александр Бублик Париждегі турнирдің ширек финалына шықты Фото: Paris Masters

Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің 16-ракеткасы Александр Бублик америкалық Тейлор Фрицті жеңіп, Paris Masters турнирінің 1/4 финалына шықты.

30 қазан күні Paris Masters турнирінің 1/8 финалында Қазақстан атынан Александр Бублик пен америкалық теннисші Тейлор Фриц сынға түсті. 

Матч Бубликтің пайдасына 7:6, 6:2 есебімен аяқталды. Кездесу 1 сағат 28 минутқа созылды. Бублик 11 эйс жасап, 1 қосалқы қателік жіберді және 2 брейк-пойнтты тиімді пайдаланды.

Paris Masters турнирінің ширек финалында Александр Бублик аустралиялық Алекс де Минаурмен кездеседі. Ойын бүгін 31 қазан, Қазақстан уақытымен 19:10-де басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу