Александр Бублик Ролан Гаррос турнирін жеңіспен бастады

346

25 мамыр-8 маусым аралығында Париж корттарында жүлде қоры 56,4 млн еуроны құрайтын Ролан Гаррос турнирі өтіп жатыр. 

Александр Бублик Ролан Гаррос турнирін жеңіспен бастады

Ролан Гаррос – 2025 турнирі қазақстандық теннисшілер үшін сәтті басталды. Бұған дейін Александр Шевченко екінші кезеңге жолдама алған болса, енді оның ізін ала Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик те жеңісті жолын бастады.

Бублик алғашқы айналымда әлемдік рейтингте 92-орында тұрған аустралиялық Джеймс Даквортпен кездесті. Матч басталғаннан-ақ басымдығын көрсеткен отандасымыз үш сетте сенімді жеңіске жетті – 6:2, 6:4, 6:4.
Бубликтің екінші айналымдағы қарсыласы тағы бір аустралиялық, әлемнің 9-ракеткасы Алекс Де Минаур болмақ. Бұл екеуінің арасындағы жеке кездесулер тарихында әзірге Де Минаур алда – 3:0. 
Матч өте қиын болары анық. Бірақ, Бублик жақсы формада, әрі психологиялық сенімділік жағынан жоғары деңгейде. Қазақстандық жанкүйерлер бұл жекпе-жектен үлкен үміт күтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу