Александр Бублик Ролан Гарроста сенсация жасады

258

Бублик мансабында осы кезге дейін Ролан Гарроста үшінші айналымға өтіп көрмеген еді. 

Александр Бублик Ролан Гарроста сенсация жасады

Қазақстанның бірінші, әлемнің 62-ракеткасы Александр Бублик Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шықты.
Қазақстандық теннисші Франция ашық чемпионатындағы екінші кездесуін әлемнің 9-ракеткасы, аустралиялық Алекс де Минаурмен өткізді. 
Бастапқы екі партия 6:2 есебімен аустралиялық теннисшінің пайдасына шешілді. Үшінші сетте Бублик 3:0 есебімен алға шыққанымен, басымдылықты ұстап тұра алмады – 4:4. Дегенмен ол тағы бір брейкке қол жеткізді – 6:4.
Төртінші партияда есеп 2:1 болған мезетте қазақстандық теннисші брейк жасай алды – 3:1. Содан кейін сетті әдемі түйіндеді – 6:3. Бублик бесінші, шешуші сетті брейкпен бастады – 2:0. Тағы бір брейк – 4:1. Сосын матчқа доп бергенде, мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:2. Александр Бублик төртінші айналымға шығу үшін әлемнің рейтингіде 200-сатыдағы португалиялық Энрике Рошамен кездеседі.

Бубликтен кейін “Ролан Гаррос” турнирінің үшінші айналымына Юлия Путинцева да жолдама алды. Қазақстандық теннисші (WTA рейтингінде №31) әлемнің 175-ракеткасы Джоанна Гарлендті 7:6, 6:3 есебімен жеңіп шықты. Ойын Юлия үшін оңай болмағанымен, ол шешуші сәттерде мықтылық таныта білді. Келесі кезеңде Путинцева әлемнің алтыншы ракеткасы Мирра Андреевамен кортқа шығады.

Ал, тағы бір қазақстандық теннисші Александр Шевченко Франция ашық чемпионатындағы өнерін екінші айналымда аяқтады. Ол тартысты өткен матчта қарсыласына есе жіберді.

1/32 финал кезеңінде әлемнің 103-ракеткасы америкалық Итан Куиннмен кездесіп, төрт сағаттан астам уақытқа созылған нағыз марафондық матч өткізді. Ойын ұзақтығы 4 сағат 17 минутқа жетті.

Кездесудің қорытындысы бойынша есеп: 4:6, 6:4, 7:6 (7:3), 6:7 (6:8), 5:7. Жеңіс АҚШ өкіліне бұйырды. Осылайша Шевченко Роллан Гарростағы өнерін аяқтады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу