Александр Бублик ширек финалға шыға ала ма?

280

Электр қуатының сөнуі пиренейліктерді әуре-сарсаңға салды. 

Александр Бублик ширек финалға шыға ала ма?

Мадридтегі Mutua Madrid Open турнирінің 28 сәуірге жоспарланған барлық матчтары Испаниядағы электр қуатының жаппай өшуіне байланысты 29 сәуірге ауыстырылды. Бұл шешімді ұйымдастырушылар қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылдады.

Сондықтан қазақстандық теннисші Александр Бублик кортқа бүгін шығатын болды. Ол турнирде сәтті өнер көрсетуде. Бублик 1/8 финалда чехиялық Якуб Меншикпен кездеседі.

Бұған дейінгі кезеңде Бублик турнирдің қазіргі чемпионы, әлемнің 8-ракеткасы Андрей Рублевті 6:4, 0:6, 6:4 есебімен жеңіп, Masters 1000 санатындағы турнирде топ-10 ойыншысына қарсы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетейік, бұл Бублик пен Меншик арасындағы үшінші кездесу болмақ. Бұған дейінгі екі матчта әр ойыншы бір-бір жеңіске қол жеткізген. Матч бүгін №3 кортта Қазақстан уақытымен шамамен 19:10-да басталады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу