Александр Бублик Швейцариядағы турнирдің чемпиондығына таласады

298

Қазақстанның бірінші, әлемнің 34-ракеткасы Александр Бублик Гштаад (Швейцария) ATP 250 турнирінің финалына өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Александр Бублик Швейцариядағы турнирдің чемпиондығына таласады Фото: Жеке парақшасынан

Отандасымыз жартылай финалда дүниежүзілік рейтингіде 116-орында тұрған франциялық Артур Казомен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда Бублик 2 рет брейк жасап, айқын басымдылық танытты – 6:1. Екінші сетте есеп 5:5 болған мезетте қазақстандық спортшы брейк жасай білді. Содан кейін матчты жеңіспен түйіндеді – 7:5.

1 сағат 12 минутқа созылған бәсекеде Александр Бублик 12 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жіберген жоқ. Казо 2 эйспен шектелді.

Александр Бублик финалда әлемнің 109-ракеткасы, аргентиналық Хуан-Мануэль Серундоломен чемпиондық атақты сарапқа салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу