Александр Бублик Terra wortmann open турнирін жеңіспен бастады

105

Шөп төсенішті корттарда өтетін турнирлер ресми түрде басталды. 

Александр Бублик Terra wortmann open турнирін жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Германияның Галле қаласындағы АТР 500 турнирінде алғашқы кездесуінде француз Александр Мюллерді 6:4, 6:4 есебімен жеңіп, екінші айналымға шықты.

Келесі қарсыласы Янник Синнер  мен неміс Янник Ханфман арасындағы кездесудің жеңімпазымен сынға түседі. Айта кетейік, 2022 жылы Бублик Галледе Синнерді жеңіп, турнир чемпионы атанған.

Бүгінгі жеңісі үшін Бублик 36 885 еуро мен 50 рейтингтік ұпай алды. 

15 маусым басталған турнир 22 маусымға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу