Александр Бублик Италиядағы жарыстың чемпионы атанды

345

Қазақстанның бірінші, әлемнің 76-ракеткасы Александр Бублик Турин (Италия) челленджер турнирінің жеңімпазы болды.

Александр Бублик Италиядағы жарыстың чемпионы атанды Фото: Жеке парақшасынан

Отандасымыз соңғы бәсекеде әлемнің 73-ракеткасы, қытайлық Бу Юньчаокэтэмен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Нәтижесінде, Александр Бублик 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

1 сағат 14 минутқа созылған матчта Александр Бублик 6 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың 5-еуін пайдаланды. Қытайлық теннисші 6 эйс, 2 брейкпен көзге түсті.

Осылайша, Александр Бублик өз спорттық жолында челленджер жарыстарындағы 7-ші, топырақ төсенішіндегі 1-ші титулын жеңіп алды.

Сондай-ақ, ATP 250 турнирінде үш дүркін, ATP 500 додасында бір рет чемпион атанған.

Александр Александр Бублик қазіргі кезде ATP Live рейтингісінде 51-орынға көтеріліп тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу