Александр Бублик тұсау кесу рәсіміне қатысып, балақайға сәттілік тіледі

100

Астанада Дэвис кубогы аясында өткен Қазақстан мен Монако құрамалары арасындағы матчтың жеребе тарту рәсімінен кейін теннисшілер қазақ халқының салт-дәстүрімен танысты.  

Александр Бублик тұсау кесу рәсіміне қатысып, балақайға сәттілік тіледі Фото: бейнежазбадан

Іс-шара барысында қос құрама капитандары құттықтау сөз сөйлеп, ойыншылар бір-біріне естелік сыйлықтар табыстады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Шара аясында қонақтар үшін ұлттық ойындар — асық ату мен ләңгі тебу ұйымдастырылды. Теннисшілер тек көрермен болып қана қоймай, қазақтың дәстүрлі ойындарына өздері де қатысып, ұлттық мәдениетпен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик қазақ халқының кең тараған дәстүрлерінің бірі — тұсау кесу рәсіміне қатысты. Ол Аян Бейбітұлының тұсауын кесіп, алғашқы қадамына ақ жол тіледі.

Рәсім соңында тәй-тәй басқан балақай теннис добын таңдады. Бұл сәт көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, ду қол шапалақтаумен аяқталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу