Александр Бублик Australian Open турниріндегі өнерін аяқтады. 1/8 финалда жеңіліс тапқанына қарамастан, ол Мельбурнде жеке рекордын жаңартты. Ширек финал жолдамасы үшін өткен матчта Бублик орталық кортта жергілікті жанкүйерлердің сүйіктісі, аустралиялық Алекс де Минормен (№6) кездесті. Алайда тартысты ойында 4:6, 1:6, 1:6 есебімен Де Минор жеңіске жетті. Кездесу бір жарым сағат уақытқа созылды.
Осылайша, спортшылар арасындағы жеке кездесулердегі есеп Де Минордың пайдасына 4:2 болып өзгерді. Ол 2025 жылы Бубликке қарсы қатарынан екі рет жеңілген болатын.
Нәтижесінде аустралиялық теннисші өз жерінде өтіп жатқан "Үлкен дулыға" турнирінің ширек финалына екінші жыл қатарынан жолдама алды. Алдағы сейсенбіде ол әлемнің бірінші ракеткасы, испаниялық Карлос Алькарасқа қарсы ойнайды.
Қазіргі таңда ерлер арасындағы жекелей сында Қазақстан өкілдері қалмады. Ал, әйелдер арасында жарысты тек Елена Рыбакина жалғастырып жатыр.