Александр Бублик US Open турнирін жеңіспен бастады

1438

Қазақстанның бірінші, әлемнің 47-ракеткасы Александр Бублик АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына шықты.

Александр Бублик US Open турнирін жеңіспен бастады

Бублик бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 72-орында тұрған франциялық Юго Гастонмен өткізді. Қазақстандық теннисші 6:4, 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Александр екінші айналымда әлемнің 15-ракеткасы, испаниялық Пабло Карреньо-Бустамен шеберлік байқасады.

Сондай ақ бүгін кортқа еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның осы турнирдегі басты қарсыластарының бірі Симона Халеп АҚШ ашық чемпионатында алғашқы айналымда жеңіліп қалды. Әлемдік рейтингтің бұрынғы көшбасшысы күтпеген жерден 20 жастағы украиналық Дарья Снигурдан жеңіліп қалды – 2:6, 6:0, 4:6.

Әйелдер арасында тағы бір фаворит теннисші ресейлік Дарья Касаткина турнирді мерзімінен бұрын аяқтады. Ол үш сетте Харриет Дартқа есе жіберді (7:6, 1:6, 6:3).

"Үлкен дулыға" турниріндегі тағы бір ТОП ойыншы грекиялық Стефанос Циципас турнирді аяқтады. 24 жастағы колумбиялық Даниэль-Элай Галан 0:6, 1:6, 6:3, 5:7 есебімен Циципастан басым түсті.

Осылайша, турнирдің алғашқы күні-ақ әлемнің ең мықты деген теннисшілері жарыстан шығып қалды. Ал бүгін, 30 тамыз елорда уақытымен 23:00-де  қазақсстандық теннисшілерден Елена Рыбакина кортқа шығады. Ол франциялық Клара Бюрельмен сынға түседі.

Ермұхамед Мәулен 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу