Александр Бублик US Open турнирінің екінші кезеңіне өтті

935

Үшінші кезеңге жолдама алу үшін Бублик америкалық теннисшімен кездеседі.

Александр Бублик US Open турнирінің екінші кезеңіне өтті

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александ Бублик төрт сетте Германия өкілі Яник Ганфманнан басым түсті. Теннисшілердің кездесуі 1 сағат 53 минутқа созылып, 6: 0, 4: 6, 6: 2, 6: 1 есебімен аяқталды. Ойын барысында Александр 18 эйс пен  8 брейк жасап, допты ойынға қосу барысында 10 рет қате жіберді. Янник 6 рет қате жіберіп, 2 брейк-пойнт жасады.

Бұрын Бублик пен Ганфманн бір-бірімен тек бір рет кездескен. 2020 жылы Китцбухельде өткен жарыста екеуі өзара мықтыны анықтап, онда неміс теннисшісі жеңіске жеткен. Енді Александр 2-қыркүйек күні алғашқы айналымда жапониялық Йошихито Нишиоканы 3: 1 (6: 7 (5: 7), 6: 2, 6: 4, 6: 2) есебімен жеңген америкалық Джек Сокпен ойнайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның тағы бір өкілі Елена Рыбакина жарыстың екінші кезеңіне өтті. Ол белорусиялық теннисші Александра Сосновичті ұтты. Үшінші кезеңге шығу үшін Қазақстанның бірінші ракеткасы бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де Каролин Гарсиямен кездеседі.

Ал Зарина Дияс US Open турнирінің екінші кезеңіне өте алмады. Қазақстандық теннисші турнирде алғашқы кездесуінде АҚШ спортшысы Аманда Анисимовадан 5: 7, 2: 6 есебімен ұтылды. 1 сағат 8 минутқа созылған матч кезінде Зарина жиырма геймнің алтауында ғана жеңіске жетіп, үш рет қос қате жіберді. Осылайша жарыстан шығып қалды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу