Александр Бублик "Зенит" – "Рубин" матчында алаңға шықты

266

Бұл ойында "Зенит" сапында Нұралы Әліп өнер көрсетті. 

Александр Бублик  "Зенит" – "Рубин" матчында алаңға шықты

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Ресей кубогы аясындағы "Зенит" – "Рубин" матчына қатысып, ойын басталар алдында символикалық соққы жасады. Кездесу Санкт-Петербургтегі "Газпром Арена" стадионында өтіп, "Зенит" 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Барлық голдар екінші таймда соғылды. Алаң иелерінен дубльді Матео Кассьера тіркеді. Ол 70-минутта есеп ашып, 78-минутта пенальтиден тағы бір гол соқты. 83-минутта Вадим Шилов "Рубин" қақпасына үшінші голды енгізді. "Зенит" сапындағы қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліп негізгі құрамда ойынға шығып, 88-минутта алмастырылды.

Бұл жеңістен кейін "Зенит" алты ұпай жинап, А тобында бірінші орынға көтерілді. Үш ұпайы бар "Рубин" бірінші орыннан екінші орынға сырғыды. Осы топта "Ахмат" пен "Оренбург" та өнер көрсетеді. Дегенмен қос команда да әзірге ұпай жинаған жоқ.

Айта кетейік, Александр Бублик биылғы маусымда тамаша өнер көрсетуде. Ол Германияның Галле, Швейцарияның Гштад және Аустрияның Кицбюэль қалаларында өткен турнирлерде жеңімпаз атанды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу