Александр Бублик жұптық сында ширек финалға шықты

808

Бублик жұптық сында италиялық Лоренцо Музеттимен бірге Роттердам (Нидерланд) ATP 500 турнирінде бастапқы кездесуін сәтті өткізді.  

Александр Бублик жұптық сында ширек финалға шықты Фото: Sportbox

Қазақстандық-италиялық жұп сальвадорлық Марсело Аревало – хорватиялық Мате Павичті 7:5, 7:6 (10:8) есебімен тізе бүктірді. Бір сағат 37 минутқа созылған матчта екеуі 3 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.

А.Бублик – Л.Музетти жартылай финалға шығу үшін нидерландылықтар Робин Хасе – Ботик Ван де Зандшульппен таласады.

Осылайша, Александр Бублик жекелей сында жарыс жолынан шығып қалғанымен, Лоренцо Музеттимен бірге доданы жалғастырады.

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 49-ракеткасы Александр Недовесов эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге Делрэй-Бич (АҚШ) ATP 250 жарысында бақ сынады. Олар алғашқы айналымда аустралиялық Эндрю Харрис – германиялық Доминик Кёпферге 6:7 (5:7), 6:7 (4:7) есебімен есе жіберіп, ширек финалға шыға алмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу