Қазақстандық Александр Недовесов биылғы маусымдағы 7-ші, жалпы спорттық мансабындағы жұптық жарыстардағы 22-ші жеңісіне қол жеткізді. Александр бразилиялық Орландо Лужбен дуэтте турнирдің соңғы кездесуінде украиналықтар Денис Молчанов пен Сергей Стаховскийді 6: 4, 6: 4 есебімен жеңіп, Киевте өткен Челленджердің жеңімпазы атанды.
Александр мен Орландо жарыста бірінші нөмірмен өнер көрсетті. 1 сағат 7 минутқа созылған ойын барысында қазақстандық-бразилиялық жұп үш эйс жасап, 3 брейк-пойнтқа ие болды.
Турнир аяқталған соң Александр Недовесов өз ойымен бөлісті.
"Жеңістен кейін тамаша сезімдемін. Сезімімді айтып жеткізе алмаймын. Мен керемет ойын аптасы үшін Орландоға алғысымды айтқым келеді. Жеңіске жеткен соң Нұр-Сұлтанға "Astana Open" турниріне бара беруге болады. Үйде ойнау әрқашан жағымды, ұмытылмас сезім сыйлайды",- деп атап өтті Недовесов.
Киевте тағы бір қазақстандық Тимофей Скатов жекелей сында жартылай финалдық ойында италиялық Франко Агаменонен кездескен болатын. Алайда жерлесіміз 6-7, 3-6 есебімен ұтылып, жарысты аяқтады.
Ермұхамед Мәулен