Александр Недовесов Марбельеде ширек финалға шықты

2087

Бүгін елорда уақытымен 17:20-да қазақстандық-пәкістандық жұп жартылай финалға жолдама алу үшін С. Вавринка / П. Андухармен кездеседі.

Александр Недовесов Марбельеде ширек финалға шықты

Александр Недовесов Айсам Курешимен (Пәкістан) дуэтте Марбельедегі Челленджердің бірінші кезеңінде еш қиындықсыз жеңіске жетті. Олар бірінші айналымда Рафаэль Матос (Бразилия) / Давид Вега-Эрнандес (Испания) дуэтінен 6:3, 6:4 есебімен басым түсті. 1 сағат 22 минуттық ойын уақытында қазақстандық-пәкістандық жұп ойын барысында 5 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді.

Дмитрий Попко мен Тимофей Скатов Португалияның Оэйраш қаласында Челленджерде өнер көрсетті. Попко италиялық Лучано Дардериден ұтылды – 3:6, 2:6, ал Скатов Бразилияның көшбасшысы, әлемнің 116-ракеткасы Тиаго Монтейродан 7 ұпаймен үш сетте ұтылды. Қорытынды есеп 6 (7:5), 2:6, 6:7 (4:7).

Сонымен қатар Денис Попко мен Тимофей Скатов осы жарыста бірге жұптық сайыста да сынға түсті. 1/8 финалдық кездесуде қазақстандықтар кортта уругвайлық-италиялық Мартин Куевас – Лучано Дардери дуэтімен кездесті. Бар болғаны бір сағат 17 минутқа созылған кездесуде Скатов пен Попко 6:4, 2:6, 8:10 есебімен жеңіліп қалды. Айта кетейік, бұл жарыста қазақстандықтар алғаш рет бірге кортқа шықты.  

Тағы бір қазақстандық Денис Евсеев Лугано (Швейцария) челленджер турнирі іріктеу сайыстарының финалында босниялық Алдан Сеткичке 3:6, 2:6 есебімен есе жіберіп, жарыстың негізгі кезеңіне өте алмады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу