Қазақстандық теннисші Александр Недовесов пен португалиялық Гонсало Оливейра Чехияның Простеев қаласында өткен Челленджер сериялы турнирінің жұптық финалында жергілікті теннисшілер Зденек Колаш пен Роман Йебава дуэтін жеңді.
Кездесу 1: 6, 7: 6 (7: 5), 10: 6 есебімен аяқталды. 1 сағат 30 минутқа созылған матчта Александр мен Гонсало бір эйс орындап, допты ойынға қосу кезінде үш рет қателік жіберді және алты брейк-пойнттың бір де біреуін орындай алмады. Ал олардың қарсыластары бір рет допты ойынға қосу барысында қиыс кетіп, үш рет қателік жіберді және төрт брейк-пойнттың екеуін ғана орындады.
"Менің осы екі аптаға көңілім толады. Братиславада және Простеевте екі жеңіске қол жеткіздім. Турнирге соңғы сәтте қатысуға бел будым. Серіктесіммен келіссөздер жүргізіп үлгердім. Көрсеткен нәтижеге қарағанда, бұл мен үшін де, Гонсало үшін де дұрыс шешім болды. Енді бір апта демаламын және Александр Бубликпен бірге Уимблдонға дайындықты бастаймын. Ол жақта мүмкіндігінше көп ұпай жинау үшін жақсы өнер көрсетуім керек", - деді жеңістен кейін Александр Недовесов.
Недовесов үшін бұл "Челленджер" сериясының жұптық жарыстарындағы 21-ші және маусымдағы алтыншы титул болды. Бұл оның жеке рекорды болып саналады. Жалпы, осы демалыс күндеріне дейін Недовесов "Челленджер" сериясында жұптық сында 19 және жекелей сында 4 титул иеленген. Ол үшін осы уақытқа дейінгі титулдар саны бойынша рекорд 2013-жылы болған. Ал биыл ол осы жетістігін (бір маусымда бес титул) бір апта бұрын ғана Братиславада қайталады. Бірнеше жылдан бері әр түрлі серіктестерімен бірге жеңіске жетуге тырысқан жүлде қоры 66 мың еуродан асатын Простеевтегі турнирдің финалы Недовесов үшін ерекше болды. Чехиядағы жеңіс мерейтойға айналады. Осылайша жұптық сындағы титулдардың жалпы саны және маусымдағы рекордтық титул бойынша қазақстандық теннисші жеке рекордын орнатып, биылғы маусымда тамаша өнер көрсетуде.
Ермұхамед Мәулен