Александр Седнев: "Біз көптеген ойыншылардың позицияларын өзгертудеміз"

2590

Жұма күні "Ордабасы" Түркиядағы ОЖЖ аясында грузиялық "Динамо Батуми" командасымен кездесті. Матч 4:2 есебімен шымкенттік клубтың пайдасына аяқталды.

Александр Седнев: "Біз көптеген ойыншылардың позицияларын өзгертудеміз"

"Ордабасы" сапынан Жоао Пауло қос бірдей гол соқты, ал қалған екі голды Бриджидо мен Сұлтаниязов өз еншісіне жазды. Осы кездесуге байланысты "Ордабасының" бас бапкері Александр Седнев жолдастық кездесу туралы өз пікірін білдірді.

"Жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз. Бізге тағы бір жақсы қарсылас төтеп берді. Біз бұған дейін ойнаған барлық 4 команданың әр түрлі ойын стильдері мен дайындықтары бар. Сол себепті бізге бүгін оңай болған жоқ. Оған қоса, матч бойы өте қатты жел болып, әр таймда бір командаға өз көмегін тигізді. Жедел түрде 3 гол соғу қолымыздан келді. Сондай-ақ біздің қақпамызға тағы бір күдікті пенальти белгіленді. Осыдан кейін командада кішігірім қиындықтар туындады және біз соғылған голға қарсы лайықты әрекет жасамадық. Ол әрине маған ұнамады. Соның салдарынан біз екінші голды да жіберіп алдық.

Бірақ бәрібір де біздің футболшыларымыз жарады. Кездесу біздің оқу-жаттығу жиынындағыдай өте қиын жүктемелі деңгейде өтсе де, ойыншыларымыз допты өз бақылауында ұстады. Матч соңында ойынды тыныштандыратын және бүкіл сұраққа жауап берген голды соқтық. Біз төртінші голды жас футболшымыз Султаниязовтың соққанына қуаныштымыз. Ол ОЖЖ кезінде мүмкін емес нәрсенің жоқ екенін дәлелдеді.

Жеңіске және ойыншылардың жұмысқа деген көзқарасына өте қуаныштымыз. Ойын қиын болды. Олар психологиялық және физикалық ауыртпалықтардан өтті. Бірақ біз бар күш-жігерімізді салып ойнадық. Біз қазір көптеген ойыншылардың профильдік позицияларын өзгертудеміз. Бұл басқа да ойыншылардың сол позицияда қалай ойнайтындығын тексеру үшін емес. Біріншіден, біз ойыншыға оның позициясын қателіктерді көп жібермеу үшін басқа жағынан көрсеткіміз келеді. Біз футболшыларымыздың әмбебап ойыншыға айналуын қалаймыз.

Кездесулер - бізге ойыншылардың демалыстан кейінгі функционалды жағдайын қалыпқа келтіруге көмектесетін бірден-бір нәрсе. Бізде әлі ол үшін біраз уақыт бар. Күн сайын біз әрқайсысының функционалды жағдайын бақылап отырамыз. Олардың матч барысындағы реакциясына қарап, бір жағынан ойынды ұйымдастырумен айналысамыз. Ойын мәнерлерін өзгертіп көрудеміз және оған ойышылардың қалай үйренісетінін бақылаудамыз", - деді "Ордабасының" бас бапкері Александр Седнев.

Естеріңізге сала кетейік, Александр Седнев шәкірттері бұған дейін үш кездесу өткізіп үлгерді. "Навбахор" (2:1), "Алания" (5:2) клубтарынан басым түскенімен, "Динамо Москва" (1:2) командасына есе жіберді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу