"Ордабасы" футбол командасының басшылығы өтінішті қабыл алыпты.
"Алдағы "Шахтермен" матч Александр Сергеевич үшін "Ордабасыдағы" соңғы ойын болмақ. Жаңа бас бапкердің есімі жақын күні белгілі болады", – деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Александр Седневтің басшылығымен былтыр команда өз тарихында алғаш рет чемпиондық атақты жеңіп алды.
Еске салайық, Конференция лигасының екінші айналымында "Ордабасы" армениялық "Пюникпен" кездескен болатын. Шымкентте өткен ойында да, Ереванда өткен қарымта матчта да "Ордабасы" 0:1 есебімен жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу