Александр Шевченко тәжірибелі серб теннисшісі Душан Лайовичті 6:2, 6:4, 7:6 есебімен жеңді.
Екінші айналымда Шевченко Григор Димитров – Итан Куинн жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Сондай-ақ бүгін Ролан Гарроста тағы үш қазақстандық спортшы өз матчтарын өткізеді.
Александр Бублик Джеймос Даквортқа қарсы матчты бастап кетті. Әзірге отандасымыз 6:2, 5:4 есебімен (матч аяқталмады) алда келеді.
19.25-те Юлия Путинцева Солана Сьерраға қарсы кортқа шығады.
18.50-де жұптық сында Анна Данилина сербиялық теннисші Александра Круничпен бірге Линет-Перра жұбына қарсы өнер көрсетеді.
Ал, Елена Рыбакинаның матчы 28-мамырға жоспарланған.
Ролан Гаррос турнирі 25 мамыр мен 8 маусым аралығында Парижде өтуде. Бұл – маусымдағы екінші “Үлкен дулыға” турнирі, және әлемнің үздік теннисшілері бас қосатын ірі дода.
Айта кетейік, ерлер арасында басты фавориттер Карлос Алькарас (2024 жылғы чемпион), Яник Синнер, Новак Джокович болса, әйелдер арасында Ига Швёнтек (төрт дүркін чемпион), Арина Соболенко, Коко Гауфф чемпиондықтан басты үміткерлер.