Александр Винокуровтың ұлы Қазақстан чемпионы атанды

1360

Маусымның 22-сі мен 25-і аралығында Бурабай демалыс аймағында тас жолдағы велоспорттан ел чемпионаты өтті. Мұнда еліміздің ең мықты деген шабандоздары топтық және жекелей жарыстар бойынша Қазақстан чемпионы атағы үшін таласқа түсті.

Александр Винокуровтың ұлы Қазақстан чемпионы атанды

Жарыстың соңғы күні Astana Qazaqstan Development Team жастар құрама командасының шабандозы, Александр Винокуровтың ұлы Николя Винокуров тас жолдағы велоспорттан 23 жасқа дейінгі шабандоздар арасында өткен Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды. Жарыс Бурабай демалыс аймағында өтті. Николя 157,5 шақырымдық қашықтықты 3 сағат 44 минут 16 секундта жүріп өтті. Илхан Достиев (+00:39) міреге екінші, Өркен Сламжанов (+00:58) үшінші болып мәреге келді.

"Таңертеңгісін жеңіске жетем деген мақсатпен ояндым. Мені екінші немесе үшінші орындар қызықтырған жоқ. Тек жеңіске жетуге бел байладым. Жарыс басталғанда көшбасшылар тым алысқа ұзап кетпеу үшін оларды бақылауда ұстау керек болды. Біздің Солтүстік Қазақстан облысы екінші айналымда басымдықты жақсы сақтап қалды. Шабуыл басталғанда мен бірінші топқа қосылдым. Күні бойы өзімді жақсы сезіндім. Мәреге жеті шақырым қалғанда соңғы айналымда алдыңғы қатарда жалғыз екенімді білгенде, мәреге дейін соңғы 1,5 шақырым бойы жоғары қарқынмен жүрдім. Глеб өте жақсы шабуыл жасады. Бірақ, өкінішке орай, басқа шабандоздар оны қуып жетіп, мәреге үшінші болып келді. Александр Семенов те өте мықты болды. Команда болып жұмыс істегенімізге және жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын", – деді Николя Винокуров Қазақстан велоспорт федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Сонымен қатар Astana Qazaqstan Team шабандозы Евгений Гидич Қазақстан чемпионатының топтық жарысында жеңіске жетті. Гидич 157,5 шақырымдық қашықтықты 3 сағат 43 минут 48 секундта бағындырды. Қалған жүлделі орындарды да астаналық шабандоздар иеленді. Артем Захаров мәреге екінші болып келді. Ол жеңімпаздан бір секундқа ғана қалып қойды. Ал Глеб Брусенский чемпионнан екі секундқа артта қалып, қола жүлдеге ие болды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу