Александр Винокуровтың ұлы жаңа қызметке тағайындалды

79

Қазақстандық спортшы үшін соңғы жарыс Малайзияда өткен  "Лангкави Туры" болды.

Александр Винокуровтың ұлы жаңа қызметке тағайындалды

Атақты велошабандоз Александр Винокуровтың ұлы кіші Александр Винокуров XDS Astana Development Team командасының құрамында өнер көрсеткен және биылғы күзде жарақаттарына байланысты спорттық мансабын аяқтады. Ол Халықаралық Велосипедшілер Одағының (UCI) оқу орталығында білім алып, емтиханды сәтті тапсырып, спорттық директор дипломын алды.

2026 жылдан бастап кіші Александр Винокуров XDS Astana Team құрамына спорттық директор-тағылымгер ретінде қосылып, тәжірибе жинамақ.

"Биылғы маусымда Алекс бірнеше жарақат алды. Олардың соңғысы өте ауыр болды. Иә, ол мінез көрсетіп, қалпына келіп, командамен бірнеше жарысқа қатысты. Бірақ оның мансабын аяқтау туралы шешімі толық түсінікті. 
Дегенмен, Алекс велоспортта қалуды таңдап, оқудан өтіп, емтихандарды сәтті тапсырды. Әлемдік тур мен құрлықтық екі командада қажетті тәжірибе жинауға, сенімділік алуға және кәсіби велоспорттың арғы жағындағы жұмысын түсінуге мүмкіндік береді. Бұл оңай емес. Сондықтан тиісті табандылық пен талпыныс болса, Алекс бәрін жеңеді деп үміттенемін", – деді XDS Astana Team-нің бас спорттық директоры Александр Шефер.

Естеріңізге сала кетейік, кіші Александр 2025 жылғы маусымның басым бөлігін жарақат салдарынан өткізіп алды. Ол наурыз айының басында Грекияда өткен жарыстар сериясына дайындық кезінде оң жамбас сүйегін сындырып алған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу