Александр Власов: Бізді алда "Вуэльтаның" төрт маңызды кезеңі күтіп тұр

1254

"Испания Вуэльтасының" үшінші жарыс аптасы 33.7 шақырымдық жекелей жарыспен Муростан басталып, қысқа әрі тік орналасқан Галисиядағы Мирадор де Эсаро шыңында аяқталды.

Александр Власов: Бізді алда "Вуэльтаның" төрт маңызды кезеңі күтіп тұр

"Астана Про Тим" командасының капитаны Александр Власов жарысты жақсы өткізді. Ол кезең жеңімпазы және қызыл жейденің жаңа иегері Примож Рогличке 2 минут 17 секунд ұтылып, мәреге 24-болып келді. Бұл нәтиже "Астана" шабандозына испаниялық Гранд-турдың жалпы есебі бойынша 9-орынды сақтап қалуға көмектесті. 13 кезеңнен кейін Власов көшбасшыдан 8 минут 48 секунд уақыт артта келе жатыр.

"Бүгін өзімді өте жақсы сезіндім және осы жекелей жарыста бар күшімді салуға тырыстым. Өз уақытымды көрсеттім деп ойлаймын. Финалдық асуға жақсы қарқынмен шықтым. Жақсы өнер көрсеттім және жалпы есепте үздік ондық қатарында қалдым. Бізді алда "Вуэльтаның" төрт маңызды кезеңі күтіп тұр. Сондықтан жарыста не болатынын көре жатармыз", - деді Александр Власов.

"Александр жекелей жарысты жақсы өткізді.  Ол жоспар бойынша жүріп отырды. Барлығы біз ойлағандай өтті. Өйткені оның көрсеткен уақыты біздің күткеніміздей болды. Қазіргі уақытта бұл оның жекелей жарыстардағы максимумы. Александр өзін өте жақсы сезінді. Сондықтан осындай қиын сынақтан кейін біз үшінші аптада алға жылжып, жеңіс үшін таласты әр кезеңде жалғастыруға дайынбыз", - деп қоса кетті Дмитрий Фофонов.

Бүгін 14-кезең өтеді. Лугодан басталатын жарыс жолы 204.7 шақырымнан кейін Оренседе аяқталады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу