Александр Власов таулы кезеңде 3-орынға ие болды

1040

Кампо Феличе асуында мәресіне жеткен қиын таулы кезең "Джиро д’Италияның" бас классификациясына айтарлықтай өзгерістер алып келді. Astana – Premier Tech командасының капитаны Александр Власов таулы кезеңде мәреге үшінші болып келіп, италиялық суперкөпкүндіктің жалпы есебі бойынша 3-орынға көтерілді.

Александр Власов таулы кезеңде 3-орынға ие болды

Власов жарысты өте тамаша өткізді. Команданың қолдауының арқасында ол соңғы асудың шешуші шақырымдарында жақсы позицияға шықты. Тастақты соңғы шақырымдарда Власов шабуылдап, алдыңғы қатарға шығуға тырысты. Бұл жақсы шабуыл болды. Оған тек жалпы есептің бірнеше фавориттері ғана жауап бере алды. Нәтижесінде соңғы шабуылдан кейін колумибиялық шабандоз Эган Берналь жеңіске жетсе, одан 7 секундтан кейін Джулио Чикконе мен Александр Власов мәре сызығын кесті. Бұл нәтиже Astana – Premier Tech шабандозына жалпы есепте Эган Бернальдан 21 секунд уақыт айырмашылығымен 3-орынға көтерілуге мүмкіндік берді. Қазіргі таңда Берналь бас классификацияның жаңа көшбасшысына айналды.

"Финалда бұл мен үшін үлкен тәжірибе болды. Асу өте қиынға соқты. Әсіресе тастақты жолда қиын болды. Мен соңына дейін шабуылдауға тырыстым және бұл жақсы талпыныс болды деп ойлаймын. Бірақ мұндай жерде велосипедте толық тұрақтылықты сақтау қиын болды. Аяғым жақсы жұмыс жасады. Өзімді өте жақсы сезіндім. Бірақ қиыршық тасты жол қиын сынақ болды. Мен өзімнің көрсеткен нәтижеме көңілім толады және бар күшімді салдым. Сондықтан қазіргі таңда бәрі жақсы. Ертең және одан кейінгі күндері не болатынын көре жатармыз", - деді Александр Власов.

9-кезең өте белсенді басталды. Пелотонда шабуылдар толастамады және сол шабуылға шыққан шабандоздардың арасында жалпы есептегі жоғарғы орындар үшін таласқа түскен кейбір шабандоздар да болды. Astana – Premier Tech шабандоздары - Луис Леон Санчес, Самуэле Баттистелла және Фабио Феллинелер бірнеше мәрте шабуылға шығып, белсенді өнер көрсетті.

Бірақ, нәтижесінде жарыс жолының 70-шақырымынан кейін көшбасшы топ алға озып, олардың арасынан тек Санчес қана көш бастады. Финалдық асуға жеткенде көшбасшы топ арасынан бірнеше шабандоз алға озды. Алайда, нәтижесінде жарыс жолының соңғы шақырымында жалпы есептің фавориттері көшбасшыларды қуып жетті. Ал содан кейін Берналь, Чикконе және Власов кезеңдегі жүлделі орындарды өзара бөлісті.  

Джиро дИталия, 9-кезең. Кастел-ди-Сангро – Кампо Феличе, 158 шақырым.

Кезеңнің үздік үштігі: 1. Эган Берналь (INEOS Grenadiers); 2. Джулио Чикконе (Trek - Segafredo); 3. Александр Власов (Astana – Premier Tech).

Astana – Premier Tech Кезеңнің үздік үштігі: 3. Александр Власов; 45. Харольд Техада; 52. Вадим Пронский.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу