Александр Высоцкий: "Бізге әлі де көп жұмыс жасау керек"

1448

PRO лигасында өнер көрсететін "Номад" пен "Алтай Торпедо" командалары Нұр-Сұлтан қаласында кездесу өткізеді.

Александр Высоцкий: "Бізге әлі де көп жұмыс жасау керек"

"Номад" хоккей клубы үшін Қазақстан чемпионатындағы жаңа маусымның алғашқы кездесулері 19-20 қазанда өтеді. "Көшпенділердің" қарсыласы Өскеменнің "Алтай Торпедо" командасы. Матч "Барыс-Аренада" көрермендерсіз өтеді.

2019-20  жылдар маусымы "Алтай Торпедосы" үшін сәтті басталды. Команда қатарынан екінші рет Қазақстан Кубогын жеңіп алып, қыркүйек айында өткен сегіз матчтың бесеуінде жеңіске жетті. Осылайша чемпионатты сәтті бастады. Маусымның қорытындысы бойынша команда бесінші орынға ие болды және плей-оффтың бірінші айналымында елдің қазіргі чемпионы "Бейбарыспен" кездесті. Финалдың ¼ сериясы 3:2 есебімен "Алтай Торпедосының" пайдасына аяқталды.

"Номад" өткен маусымда Жоғарғы Хоккей Лигасында дебют жасады. Маусымда жиналған ұпайлар плей-офф кезеңіне шығу үшін жеткіліксіз болды. Бірақ команда бірнеше тамаша матчтар өткізіп, турнир көшбасшыларын жеңіп шықты.

"Номад" пен "Алтай Торпедо" арасында соңғы матчтар 2019-жылдың ақпанында өтті. Одан кейін командалар Қазақстан Чемпионатының ширек финалы аясында ғана кездесу өткізді. Бұл сериядағы жеңісті кейінірек ел біріншілігінің финалына шыққан елордалық команда жеңіп алды.

Қазақстан чемпионаты басталар алдында "Номадтың" бас бапкері Александр Высоцкий өз ойымен бөлісті. Команда физикалық тұрғыдан чемпионат ойындарына қандай дайындықпен келгенін де атап өтті.

"Команданың маусым алдындағы дайындығы әдеттегіден бір ай кеш басталды. Содан кейін олар екі аптаға карантинге кетті. Осы жағдайға байланысты біз жоспарлаған жұмыс көлемін аяқтай алмадық. Бүгінде, әрине, команда ең жақсы бабында емес. Бірақ, чемпионат бір күннен кейін басталады. Біз оған өте қуаныштымыз. Чемпионат кезінде біз физикалық, техникалық және тактикалық дайындыққа көп көңіл бөлетін боламыз", - деді Александр Высоцкий.

Сонымен қатар "Номадтың" бас бапкері команда алдында плей-оффқа жолдама алу міндеті тұрғанын да ерекше атап өтті.

"Бүгінде команда толық құраммен қамтамасыз етілген. Олар "Барыс" жүйесіндегі жергілікті жас жігіттер. Алдағы маусым олардың қаншалықты бәсекеге қабілетті екенін көрсетеді. Сондай-ақ турнир жоспарында плей-оффқа шығу міндеті тұр. Әрине, біздің ең басты мақсатымыз "Барысқа" жас ойыншыларды даярлау. Біз бірнеше жолдастық кездесу өткіздік. Нәтижесінде бізге көп жұмыс жасау керек екенін көрдік. Ең алдымен, біздің жігіттердің техникалық дайындығын жақсарту керек." - деп қоса кетті "Номадтың" бас бапкері.

Ермұхамед Мәулен

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу