Алексей Бага: "Астананы" жеңіп, топтық кезеңге өтуге болады

2035

29 тамыз күні БАТЭ мен "Астана" Еуропа лигасының плэй-офф кезеңіндегі жауапты ойындарын өткізеді.

Алексей Бага: "Астананы" жеңіп, топтық кезеңге өтуге болады

Алғашқы матчта ел чемпионы "Астана" қарсыластан 3:0 есебімен басым түскен еді. Дегенмен, Белоруссия чемпионының әлі де болса топтық кезеңнен үміті бар көрінеді.

"Біз бір мәрте Беларусь жастар құрамасы болып Польшаға өз алаңымызда 0:1 есебімен жеңіліп қалдық. Сосын сырт алаңға барып 4:0 жеңіске жеттік. Соның арқасында Еуро додасының финалдық кезеңіне жолдама алдық. Сондықтан да, футболда бәрі мүмкін", – деді БАТЭ бас бапкері Алексей Бага.

Айта кетуіміз керек, ойын 29 тамыз күні Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу