banner

Алексей Луценко ауыр жарақат алды

1200

Astana Qazaqstan Team командасының қазақстандық шабандозы Алексей Луценко Испанияның Тейде қаласында жаттығу кезінде құлап, ауыр жарақат алды.

Алексей Луценко ауыр жарақат алды

Кенеттен соққан күшті желдің салдарынан шабандоз сол жақ иығымен төменге құлаған. Құлағаннан кейін бірден жергілікті ауруханаға жеткізілген Алексейге сол жақ иығының сүйегі сынған деген диагноз қойылды. Бүгін Алексей Луценко операция жасату үшін Бельгияға жеткізіледі.

Ал Astana Qazaqstan Team командасының басқа шабандоздары халықаралық жарыстарда бақ сынауда. 26-наурыз күні "Халықаралық Коппи және Бартали апталығы" көпкүндік веложарысының финалдық кезеңі өтті.

Quick-Step Alpha Vinyl командасының шабандоздары чех Йозеф Черни бірінші, француз Реми Каванья екінші орынға ие болды. Үздік үштік қатарын Израиль өкілі Омер Голдштейн толықтырды.

23-орын алған Харольд Мартин Лопес "Астана" сапынан үздік нәтиже көрсетті. Винченцо Нибали кезеңді 29-шы, Хуан Карлос Лопес 30-шы, Нұрберген Нұрлыхасым 59-шы, Антонио Нибали 80-ші болып аяқтады.

Сонымен қатар ұзақтығы 168,6 шақырымды құраған "Каталония Вуэльтасы" веложарысының алтыншы кезеңі аяқталды. INEOS Grenadiers командасынан эквадорлық Ричард Карапас кезең жеңімпазы атанды. Екінші нәтижені BORA-hansgrohe командасынан колумбиялық Серхио Игита иеленді. BikeExchange-Jayco командасының өкілі Аусси Кэйден Гровс үшінші орын иеленді. Астаналық шабандоз Симоне Веласко төртінші, Джо Домбровски – 36, Хавьер Ромо – 39, Себастьян Хенао – 51, Вадим Пронский – 69, Александр Рябушенко – 73-орынға табан тіреді. Валерио Конти денсаулығына байланысты жарыстан шығып қалды.

Елордалық команда сапынан бүгін тағы бес шабандоз – Нұрберген Нұрлыхасым, Антонио және Винченцо Нибалилер, Хуан Карлос Лопес, Харольд Мартин Лопес жарыс жолына шықты. Олар тас жолда өтіп жатқан "Гран-при Индустрия, Артиджанато ди Ларчано" велододасына қатысуда.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу