Алексей Луценко Джебель Джаис шыңында тамаша өнер көрсетті

2304

Astana-Premier Tech шабандоздары "Біріккен Араб Әмірліктерінің" турына қатысуда.

Алексей Луценко Джебель Джаис шыңында тамаша өнер көрсетті

Қазақстан чемпионы Алексей Луценко "Біріккен Араб Әмірліктері турының" бүгінгі соңғы таулы кезеңінде өзін керемет көрсетті. Astana-Premier Tech командасының көшбасшысы финалдық асуға ​​15 шақырым қалғанда жекелей жойқын шабуылға шығып, жеңіс үшін күресте 100% барын салды. Луценко жалпы классификация фавориттерінің тобына қарсы күресті. Бірақ мәреге 250 метр қалғанда оны шабандоздар қуып жетті.

Дат шабандозы Йонас Вингегаард финалда жарыс жолының соңғы 500 метрінде шабуылға шығып, жеңіске жетті. Одан кейін жалпы есептің көшбасшысы Тадей Погачар мен британиялық Адам Йейтс мәреге келді. Қарсыластары қуып жеткен соң, Алексей Луценко жарыс жолын 11-ші болып аяқтады.

"Соңғы асуда мен 100% барымды салдым. Тау жолын жақсы жылдамдықпен бастадым. Кейінірек қарқынды жүріп отырып, барынша жоғары жылдамдықпен жүруге тырыстым. Жеңіске жетуге  аз ғана уақыт жетпей қалды. Әрине, жеңіске біртабан жақын болғандықтан, біраз көңіл-күйім түсті. Бірақ, бүгінгі жарыс күніне көңілім толады. Өйткені менің бабым жақсарып келеді. Мұндағы менің басты мақсатым - бабымды тексеріп, ұзақ үзілістен кейін жарыс ырғағын 100% сезіну. Осы кезеңнен кейін мен өзімді расымен де жақсы сезінемін. Иә, кезең қиынға соқты. Жарыс басталғаннан кейін менің командаластарым алға озуға тырысты. Бірақ нәтиже бермеді. Топтың жылдамдығы өте жоғары болды. Жарыстың 70 шақырымынан кейін жеті шабандоз алға ұмтылып, көш бастауға тырысты. Мен бұл дұрыс шабуыл екенін түсіндім. Сондықтан тағы бір шабандозбен бірге оларға ілестім. Көп ұзамай біз көшбасшылар тобына қосылдық. Содан кейін пелотоннан айтарлықтай басымдылыққа ие болдық. Біз тобымызда жақсы жұмыс істедік және тау жолын біраз басымдықпен бастадық. Бірақ, өкінішке орай, бұл кезеңде жеңіске жету үшін жеткіліксіз болды. Соған қарамастан, менің жеңісті күндерім де алыс емес деп ойлаймын және оптимизммен қараймын", - деді Алексей Луценко.

"Алексей бүгін өзінің көшбасшылық қасиеттерін көрсетті. Жарысты керемет өткізді. Біртіндеп бабының тамаша деңгейіне жететіндігін көрсетті. Ол бәрін дұрыс жасады: кезең барысында күшін ұтымды пайдаланды, көшбасшы топтан дер кезінде шабуылдады, тауда 100% барын салды. Бүгін бізге сәттілік жетіспеді. Жеңіске жету үшін екі жүз метрдей ғана жетпей қалды. Бірақ мұндай жағдайлар болып тұрады. Бүгін жеңіске жете алмадық, алайда келесі жолы жеңеміз. Бүгінгі кезеңде көшбасшы топтың жеңіске жетуге мүмкіндігі болатынын білдік. Шабуылдап, алға озуға тырыстық. Бүкіл команда жарыс күнін өте жақсы өткізді. Егер жалпы жарыс туралы айтатын болсақ, көңіліміз толады. Жеңсек, бәрі керемет болар еді. Десе де, команданың күн сайын бабының жақсарып жатқаны келесі жарыстар алдында бізді қуантады", - деп қоса кетті Astana – Premier Tech командасының спорт менеджері Дмитрий Фофонов.

БАӘ туры. 5-кезең. Фуджарах Марин Клаб – Джебель Джаис, 170 шақырым.

Кезеңнің үздік үштігі: 1. Йонас Вингегаард (Team Jumbo-Visma); 2. Тадей Погачар (UAE-Team Emirates); 3. Адам Йейтс (INEOS Grenadiers).

AstanaPremier Tech Кезеңнің үздік үштігі: 11. Алексей Луценко; 19. Стефан Де Бод; 27. Маттео Собреро.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу