Алексей Луценко Италияда өтіп жатқан жарыста екінші орын иеленді

716

Ол топтағы қарсыластарын басып озып, мәреге кезең жеңімпазынан кейін келді. 

Алексей Луценко Италияда өтіп жатқан жарыста екінші орын иеленді Фото: photo Ivan Benedetto/SprintCyclingAgency©2024

Astana Qazaqstan Team 9-12 сәуір аралығында Италияда өтіп жатқан "Джиро д’Абруццо" көпкүндік жарысына қатысуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан чемпионы Алексей Луценко "Джиро д’Абруццо" жарысының екінші кезеңінде екінші орын иеленіп, жеңіс тұғырына көтерілді. Ол топтағы қарсыластарын басып озып, мәреге кезең жеңімпазынан кейін келді. 

"Бұл жарыста біздің құрамада негізінен жас шабандоздар, соның ішінде Astana Qazaqstan Development Team өкілдері болғанына қарамастан, команда бүгін өте жақсы жұмыс атқарды. Біздің шабандоздар кезеңнің басынан-ақ жарысты бақылауда ұстап, соңғы тауда мені жақсы орынға шығару үшін бар күш-жігерін салды. Финалда фаворит командалар мәре сызығында жаппай спринттің болғанын қаламай, өте жоғары жылдамдықпен жүрді. Олар үздіксіз шабуылдарды тоқтатуға мәжбүр болды. Соңында бір шабандоз алға шығып үлгерді. Мен екінші болдым. Ертең мәре сызығы таулы аймақта болады және жеңіске жету үшін бар күшімді саламын. Маусымның сәтсіз басталғанына қарамастан қазіргі бабыма ризамын. Бір күн бұрын тауда жақсы дайындықтан өттім және ертеңгі шешуші кезең алдындағы, сондай-ақ алда өтетін Льеж-Бастон-Льеж және Романдия туры алдында өзімді жарысқа толығымен дайын сезінемін", - деді Алексей Луценко.

Екі кезеңнің қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы жарыстың жалпы классификациясында жаңа көшбасшыдан 20 секундқа кейін қалып, екінші орынға жайғасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу