Алексей Луценко кезеңнің белсенді шабандозы

2199

Қазақстан чемпионы Алексей Луценко "Норвегияның Арктикалық жарысы" додасының алғашқы кезеңінде ең белсенді шабандоз болып танылды.

Алексей Луценко кезеңнің белсенді шабандозы

Ол жарыстың соңғы 30 шақырымында үнемі шабуылда болды. Нәтижесінде Алексей 9-болып мәре сызығын кесті. Ал спринтте жеңген 7 секундтық бонустың арқасында ол жалпы есепте екінші орынға көтерілді. Ол енді кезең жеңімпазы болған Матье Ван дер Пулдан 3 секундқа кеш келген.

"Мен бүгінгі көрсеткен нәтижеме қанағаттанамын. Командамыз бүгін өте мықты қимылдады. Соның арқасында мен өзімді еркін сезіндім. Өзімді жақсы бабымдамын деп ойлаймын. Алдағы күндері тағы бір белсенеріміз анық", - деді Алексей Луценко.

"Біздің команда бүгін жақсы жарыс өткізді. Бастапқыдағы жоспарымыз бонусқа берілетін секундтарды жеңу еді, мақсатымызға жеттік. Алексей өзін жақсы қырынан көрсетті. Уго Уль мен Магнус Корт Луценконы жақсы қорғаштады. Алексей төрт шабандозбен бірге алға озып шыққан еді, пелетон оларды қуып жетті. Дегенмен бұл шабуыл өте жақсы ұйымдастырылды. Ол ең белсенді деген атақты алды және жалпы есепте жақсы орында тұр. Енді алдағы күндерді тағатсыздана күтеміз",–деді спорт менеджер Дмитрий Фофонов.

"Норвегияның Арктикалық жарысы" Москенс пен Лекнес арасындағы 181 шақырымда жүрді. Кезеңнің басты қызығы мәреге 30 шақырым қалғанда басталды. Алексей Луценко шабуылға шығып еді, барлығы да қым-қуыт әрекеттерге көшті. Қазақстан чемпионы жаппай спринттен қашып, үнемі шабуылдап отырды. Дегенмен жаппай сприн орын алмаса да біршама шабандоз мәреге бірге келді. Кезеңді Ван дер Пул жеңді.

Ертең жарыстың екінші кезеңі Хеннингсвер мен Свольвер аралығындағы 164 шақырымда өтеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу