Алексей Луценко Коппа Сабатини веложарысында жеңіске жетті

2222

Қазақстан чемпионы Алексей Луценко Италияда өткен классикалық біркүндік Копа Сабатини веложарысында 86 шақырым бойы жеке жарысып, жеңіс тойын тойлады.

Алексей Луценко Коппа Сабатини веложарысында жеңіске жетті

Велодода өте белсенді қарқынмен басталды. Шамамен 10-15 шақырымнан кейін 17 шабандоздан тұратын топ алға озып, олардың арасында мықты бәсекелестер көп болды. "Астана" шабандоздарының арқасында, әсіресе Никита Стальнов пен Дмитрий Груздевтің атқарған жұмысының нәтижесінде көшбасшылар мен негізгі топтың уақыт айырмашылығы 40 секундқа дейін қысқарды. Содан кейін Алексей Луценко көшбасшылардың қатарына қосылды.  

"Алдымен барлығымыз бірге жұмыс атқардық. Бірақ көшбасшы топтағы шабандоздар саны көп болса, олардың арасында жұмыс жасағысы келмейтіндер пайда болады. Сондықтан бірге жұмыс атқармағандықтан, пелотон алға озғандарды қуып жетуге талпынып, уақыт айырмашылығын 50 секундқа дейін қысқартты. Сол уақытта асуда Эган Берналь шауылға шығып, одан кейін бірден мен шешуші шабуылға шықтым. Шабандоздардың бірі маған серіктес болады деп үміттендім. Шыңға жеткенде соңыма қарасам ешкім болмады және уақыт айырмашылығы 15-20 секундтай болды. Сол себепті бар күшімді жинап, жекелей жұмыс жасауға көштім. Уақыт айырмашалағы 40-50 секундқа жеткенде жарыстың соңына дейін жекелей жұмыс атқару керек екенін түсіндім. Бұл барлығы үшін тосын сый болды. Бірақ мен үшін емес. Себебі мен ертерек шабуылға шыққанды жөн санаймын. Әрине, 86 шақырым бұл ұзақ қашықтық. Сондықтан соңғы 30-40 шақырым маған қиынға соқты. Әрине, бүгін өте жақсы жұмыс жасаған команда мен біздің шабандоздарымызға алғысымды білдіремін. Сонымен қатар, радио арқылы біздің спорттық директор маңызды ақпараттарды жеткізіп отырды", - деді фиништен соң Алексей Луценко.

Печчолиде қарсыластарынан 1 минут 3 секунд уақыт басым түскен Алексей Луценко жүздеген жанкүйерлердің көз алдында финишке бірінші болып келді.

Ермұхамед Мәулен 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу