Алексей Луценко Марко Пантани мемориалын жеңіп алды

1004

Санаулы күндерден соң Алексей Луценко ұлттық құрамамен бірге Азия чемпионатында өнер көрсетеді.

Алексей Луценко Марко Пантани мемориалын жеңіп алды

Қазақстан чемпионы Алексей Луценко италиялық Марко Пантани мемориалы бір күндік жарысында жеңіске жетті. Чезенатико көшелерінде Луценко спринтте Марк Хирши мен Павел Сиваковтан озып кетті. Луценко үшін бұл 2019 жылғы жеңісінен кейінгі италиялық бір күндік жарыстағы екінші жетістік.

Бір топ шабандоз жарыстың алғашқы шақырымында алға озып кетті. Бірақ Astana Qazaqstan Team жарыстың шешуші бөлігіне дейін бұл көшбасшыларды қуып жетіп, тамаша жұмыс жасады.

"Күні бойы тамаша жұмыс жасағаны үшін Барлық әріптестеріме алғыс айтқым келеді. Алдымен Глеб Брусенский мен Юрий Натаров, содан кейін Джанни Москон, Харольд Техада және Харольд Мартин Лопес көшбасшыларды бақылауға алып, оларды қуып жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Содан кейін маған шабуылдауға және көшбасшылар тобына қосылу үшін көмектесті. Сондай-ақ, Симоне Веласко мен бес шабандозбен бірге алға ұзап кеткенге дейін менімен бірге болды. Ұжым ретінде біз бәрін дұрыс жасадық және әріптестерімді мақтан тұтамын", - деді Алексей Луценко.

Крочетта және Лонджиано асуларын қамтитын Чезенатико айналымдарында алты шабандоздан тұратын топ шабуылға шығып, тез арада басымдыққа ие болды. Алексей Луценко да сол топта еді. Ол жарысқа белсенді қатысып, үнемі алдыңғы қатарда болды.

"Соңғы айналымда, ең тік орналаласқан учаскеде Марк Хирчи шабуылдады. Ал Павел Сиваков екеуіміз оның ізіне түстік. Нәтижесінде үшеуміз қалдық. Соңымызға түскен шабандоздардың тобымызға қосылып кетпеуі үшін бар күшімізді салдық. Финалда мен шабуылдауға тырыстым. Бірақ қарсыластарым да спринттің алдын алуға тырысты. Дегенмен, Чезенатикоға бірге жеттік. Спринтте жеңіске жету үшін 100% барымды салдым", - деп қоса кетті Алексей Луценко.

Қазақстандық шабандоз үшін бұл "Сицилия турының" кезеңіндегі және жалпы есебі бойынша, "Сиркуито де Гечо" мен Қазақстан чемпионатының жекелей және топтық жарысындағы жеңістерінен кейінгі 2023 жылғы алтыншы жоғарғы жетістігі.

"Бүгін жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын және бұл жеңіске біздің бас менеджеріміз Александр Винокуровтың туған күнінде қол жеткізгенім қандай керемет.. Бұл оның мерейтойына жақсы сыйлық деп ойлаймын. Сонымен бірге бұл бүкіл команда үшін маңызды жетістік. Оған қоса маусымның соңғы айларында мотивация ретінде көмектеседі деп ойлаймын. Бүгін өзімді жақсы сезіндім. Бабым жақсарып келе жатқан сияқты. Бұл Азия ойындары сияқты маңызды жарыс алдында өте жақсы. Аталмыш жарыста бабымда  боламын деп ойлаймын. Санаулы күндерден кейін Италияға оралып, тағы бірнеше жарыс өткіземін. Содан кейін ұлттық құрамамен бірге Қытайға ұшамын", - деп сөзін түйіндеді Алексей Луценко.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу