Алексей Луценко – патшалық кезеңнің жүлдегері

2366

"Астана" командасы және оның капитаны Алексей Луценко "Норвегияның Арктикалық жарысы" додасының 3-кезеңін керемет өткізді. 3,5 шақырымға созылатын Мелбу маңындағы атақты Сторхейя белесін бағындырған шабандоздарға мәреге жетудің өзі қиын болды. 

Алексей Луценко – патшалық кезеңнің жүлдегері

Тік таулы аймақтағы тартыстың нәтижесінде Алексей Луценко норвегиялық Оддо Кристиан мен франциялық Уоррен Баргиден кейін үшінші болып келді.

- Соңғы белесті бағындыру оңай болмады. Кімнің аяғында күш бар солар ғана жарысты десем болады. Мен 100% ақтарылып, бар күшімді сарп еттім. Көрсеткен нәтижеме де өкінбеймін. Команда мен үшін жақсы жұмыс істеп берді. Әсіресе Юрий Натаров бүгін өте мықты жүріп отырды. Пелетонның алдына түсіп алып, алға озғандарды да қуып жеткен сол. Сосын мәреге жақындағанда Уго Уль керемет көмектесті. Патшалық кезең болғанымен, бұл жарыстың соңы емес. Әлі де нәтижелерді өзгертуге мүмкіндігіміз бар. Біз күресті жалғастырамыз, - деді Алексей Луценко.

- Біздің команда старттан бастап мәреге дейін жақсы жұмыс істеді. Юрий Натаров өзін жақсы қырынан көрсетіп, пелетонның басында ғаламат жұмыс атқарды. Сосын Угол Уль соңғы шақырымдарда жақсы қимылдады. Ол Алексейше жарыс көшбасшысы Ван дер Пулды артқа тастап кетуге көмектесті. Бізге жеңіске жетуге сәл ғана жетпеді. Жарыс басталмай тұрып Баргидің мықты екенін білдік. Дегенмен біз оған қарағанда бонусқа берілетін секундтарды көбірек жеңдік. Бізде енді жалпы есепте тек Луценко ғана емес, сонымен бірге Уго Уль мен Магнус Корттың да жағдайы жақсы екенін байқап отырмыз. Сондықтан да, біз соңғы кезеңдерде бір айла ойлап табамыз, - деді "Астана" спорт менеджері Дмитрий Фофонов.

Жарыс барысын толықтай бақылауда ұстаған "Астана" шабандоздары Алексей Луценконы жақсы позицияға шығарып берді. Сосын Луценко шабуылға шығып, таулы аймақты бағындыруға көшті. Оның қасына тек үш шабандоз ғана жармаса алды. Олар Айкинг, Баргий және "Астана" шабандозы Уго Уль.

Уль көшбасшы топтың ішінде жүргенде қарқынға қарқын қосып тек мықтыларды ғана алға шығарды. 1,2 шақырым қалғанда Қазақстан чемпионы шабылға шығып көріп еді, бәсекелестер оны жібере қоймады. Сосын үш шабандоз 400 метр қашықтық қалғанда шабуыл бастады. Ашық түрде жүрген тайталасты бірінші болып Айкинг бастады. Өзі бастаған шабуылды нәтижелі айқтаған ол кезең жеңімспазы атанды. Баргий 5 секундтан кейін екінші келді де, Луценко 13 секундтан соң мәре сызығын кесті. Уго Уль 6 болса, Магнус Корт 10-орыннан көрінді.

Жарыс бітіуне бір кезең қалғанда Уоррен Баргий бас класификацияны бастап тұр. Алексей Луценко одан 3 секунд жеңіліп, екінші орынға жайғасты. Ал Уль 5 орында (+0.30) болса, Корт 6-сатыға (+0.35) табан тіреді.

Соңғы, 4-кезең ертең: Лединген мен Нарвик арасындағы 165,5 шақырым жерде өтеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу