Алексей Луценко: "Жекелей жарыста тағы бір мүмкіндігім бар"

1599

28-шілде күні Луценконың медаль иеленуге тағы бір мүмкіндігі бар.

Алексей Луценко: "Жекелей жарыста тағы бір мүмкіндігім бар"

Велоспорттан Токио Олимпиадасында топтық жарыс аяқталды. 234 шақырымдық сайыста эквадорлық Ричард Антонио Карапас алтын, бельгиялық Воут ван Арт күміс, словениялық Тадей Погачар қола жүлдегер атанды. Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко жеңімпаздан 6 минут 20 секунд уақыт айырмашылығымен 21-нәтиже көрсетті.

Велодода аяқталған соң Алексей Луценко өз пікірімен бөлісті.

"Жарыс 6,5 сағатқа созылды. Өте қиынға соқты. Менің ойымша, бұл ұзақ уақыт жол жүргеннен,  сонымен қатар "Тур де Франс" та өз әсерін тигізді. Үш апталық жарыстан соң бірден жолға шықтық. Көпшілігінде тактика бірдей болды. Бірақ күн ыстық болғаны маған ауыр тиді. Мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Жекелей жарыста тағы бір мүмкіндігім бар. Менің соңғы жеңісім жекелей жарыста болды. Жарыс жолы маған ыңғайлы келіп тұр. Сондықтан жекелей жарыста қандай да бір нәтижеге қол жеткізуге тысысамын", - деді Луценко.

Айта кетейік, Луценко Токио ойындарында 28-шілдеде өтетін жекелей уақытқа арналған жарысқа қатысады.

Сонымен қатар бүгін жарыс жолына тағы бір қазақстандық шабандоз Дмитрий Груздев те шыққан болатын. Алайда мәреге 70 шақырым қалғанда ол жарыс жолынан шығып қалды.

Жалпы велоспортшылардан еліміздің атынан 7 шабандоз Токио Олимпиадасында бақ сынайды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу