Қазақстан Премьер Лигасы ойындары аясында алматылық "Қайрат" пен елордалық "Астана" кездесу өткізген болатын. Нәтижесінде алматылықтар айқын басымдылықпен жеңіске жетіп, чемпиондыққа бір қадам жақындады. Сары-қаралар Қазақстан чемпиондарының қақпасына 3 гол соғып, кездесу 3:0 есебімен аяқталған. Матч аяқталған соң екі команданың бас бапкерлері ойынға қатысты өз пікірлерін білдірді.
"Жігіттер бүгін сәтсіз өткен екі матчтан кейін керемет реакция көрсетті. Аталған екі матчта біз төрт ұпай жоғалттық. Бүгін мен үшін бұл барлық жағынан толық және лайықты жеңіс болды. Ең бастысы, біз гол соқтық. Ойында мүмкіндіктерді пайдаланып, шабуылдар жасадық. Мен ойыншыларыммен мақтанамын. Олар бүгін нашар тілек білдірушілерге жауап берді. Біздің алдымызға ұпай айырмашылығын қысқартпау міндеті қойылды. Өткен матчтар біз үшін сабақ болды. Ойыншылар мұны түсінді. Жігіттер керемет жұмыс жасады. Біз әрі қарай жылжимыз", - деді "Қайрат" клубының бас бапкері Алексей Шпилевский.
Сонымен қатар "Астана" футбол клубының бас бапкерінің міндетін атқарушы Пол Эшуорт "Қайратқа" қарсы кездесуден кейін, ойын туралы пікірімен бөлісті:
"Ойынға пікір білдіру өте қиын. Мен клуб құрылымында жұмыс жасап жатқан 2 жылға жуық уақыттағы ең нашар күн болды! Біз өте ауыр жеңіліске ұшырадық. Мен бас бапкер ретінде барлық жауапкершілікті өз мойыныма аламын. Бірақ дәл қазір біздің әрқайсымыз үшін лайықты қорытынды шығару өте маңызды. Кімнің бас бапкер болатындығына қарамастан, "Астана" сияқты үлкен клуб тек қана алға қадам жасауы тиіс", - деді Пол Эшуорт "Астана" футбол клубының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Ермұхамед Мәулен