Африка өкілдері Марокко мен Тунис дүбірлі додаға жетінші мәрте қатысу құқығына ие болды.
Бұған дейін финалға жолдама алғандар:
Солтүстік Америка – АҚШ, Канада, Мексика;
Оңтүстік Америка – Уругвай, Колумбия, Парагвай;
Азия – Жапония, Иран, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Иордания, Аустралия;
Мұхит аймағы – Жаңа Зеландия.
Әзірге Еуропа мен Солтүстік Америкадан бірде-бір құрама іріктеуді аяқтамады. Бұл аймақтардағы шешуші ойындар қарашада түйінделмек.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты тарихта алғаш рет 48 құраманың басын қосады.
Еуропадағы соңғы іріктеу ойындары (9 қыркүйек):
D тобы: Әзербайжан – Украина (1:1), Франция – Исландия (2:1)
F тобы: Армения – Ирландия (2:1), Венгрия – Португалия (2:3)
H тобы: Босния және Герцоговина – Аустрия (1:2), Кипр – Румыния (2:2)
I тобы: Норвегия – Молдова (11:1)
K тобы: Албания – Латвия (1:0), Сербия – Англия (0:5)