Әлем чемпионаты алдында ұлттық құраманың өкілінен коронавирус шықты

1334

13-мамырда өткен Қазақстан мен Белоруссия құрамаларының алғашқы ойыны Юрий Михайлистің шәкірттерінің жеңісімен, 2: 0 есебімен аяқталған болатын.

Әлем чемпионаты алдында ұлттық құраманың өкілінен коронавирус шықты

Қазақстан мен Белоруссия құрамалары Латвияда өтетін Әлем чемпионатына дайындық аясында екінші жолдастық кездесуді өткізбеді. Себебі 14-мамырда Қазақстан құрамасы кезекті ПТР тестілеуінен өткеннен кейін делегацияның бір өкілі Covid-19 сынамасына оң нәтиже берді. Екінші сынақ та оң нәтиже көрсетті. Сондықтан ол 10 күн бойы оқшаулануға кетті. Осыған байланысты Латвияның антиковидтік ережелеріне және IIHF ережелеріне сәйкес барлық команда мүшелері оқшаулануға кетті.

Кешке команданың барлық өкілдері тексерілді. Сынақ нәтижелерінен кейін Әлем чемпионатының ұйымдастыру комитеті Қазақстан құрамасына маңызды матчтары басталғанға дейін коронивирустың таралу мүмкіндігін азайту үшін Белоруссиямен матч өткізбей, жаттығу процесін жалғастыруға рұқсат берді.

Бүгін, 16-мамырдан бастап турнирге қатысатын барлық командалар жоспарланған оқшаулануға көшті. Әрі қарай жұмыс процесі бұрын бекітілген кестеге сәйкес жалғасады.

Естеріңізге сала кетейік, әлем чемпионаты 21-мамыр мен 6-маусым аралығында өтеді. Қазақстандықтар Латвиямен матчты 22-мамырда бастайды. Содан кейін еліміздің құрамасы Финляндия (23-мамыр), АҚШ (25-мамыр), Германия (26-мамыр), Канада (28-мамыр), Италия (29-мамыр) және Норвегиямен (31-мамыр) ойнайды. Ал ширек финалға шығу үшін топтың үздік төрттігіне кіру керек.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу