Екі құрама қазірге дейін екі мәрте кездескен еді. Екеуінде де қазақстандық хоккейшілер жеңіске жеткен болатын. Сондықтан бүгінгі ойында олар ешбір қиындықсыз үш ұпай алады деген ойда болды.
Кездесу барысында қазақстандық Айтуар Нұржанов 6-минутта есеп ашты. Одан кейін біздің құрама өз қақпасына қатарынан 2 шайба жіберіп алды.
Үшінші кезеңде қазақстандық Бексұлтан Мақыш 41-минутта мергендік танытып, таразы басын теңестіріп кетті.
Негізгі кезең 2:2 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Буллиттен Словения басымдық танытты.
Қазақстандық хоккейшілер бірінші дивизионының А тобында сынға түседі. Қарсыластары – Дания, Венгрия, Словения, Австрия және Украина.
Енді ел құрамасы 21 сәуірде Венгрия, 23 сәуірде Дания, 24 сәуірде Австрия, 26 сәуірде Украинамен кездеседі.