Әлем чемпионаты: Канада 1/8 финалға шыққан алғашқы құрама атанды

Алаң иелері Оңтүстік Африка Республикасын 1:0 есебімен жеңді.

Әлем чемпионаты: Канада 1/8 финалға шыққан алғашқы құрама атанды Фото: Fran Santiago / Getty Image

Канада өз тарихында тұңғыш рет турнирдің осы сатысына жолдама алып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Матч Лос-Анджелестегі "SoFi Stadium" аренасында өтті. Канадалықтар көбірек шабуыл ұйымдастырса да, алғашқы таймда есеп ашылмады. Тіпті, қос құрама кездесудің негізгі уақытында да гол соға алмады. 

Канаданың бас бапкері Джесси Марш 76-минутта жарақатынан соң алғаш рет алаңға Альфонсо Дэвисті шығарды. "Баварияның" қорғаушысы шабуылға серпін беріп, бірнеше қауіпті мүмкіндік жасауға себеп болды. 

Матчтағы жалғыз голды 92-минутта "Лос-Анджелес" клубының жартылай қорғаушысы Стивен Эуштакиу соқты. Ол осылайша кездесудің үздік ойыншысы атанды.

1:0 есебімен жеңіске жеткен Канада әлем чемпионатының 1/8 финалына шыққан алғашқы команда саналды. 

Енді Канада келесі кезеңде Нидерланд пен Марокко құрамалары арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу