Дәл осы топтағы қалған екі құрама, яғни Колумбия және Конго Демократиялық Республикасы арасындағы матч та аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бірінші турда Өзбекстанды 3:1 есебімен жеңген оңтүстікамерикалық ұжым бұл кездесуде де жолынан жаңылмады. Осылайша, 6 ұпаймен мерзімінен бұрын плей-оффқа жолдама алып отыр. Ал алғашқы турда Португалиямен тең түскен африкалықтар үшін ұпай жоғалтпау күн тәртібіндегі жұмыс еді.
Ойынның бірінші бөлігі тартысты өтті. Бірақ, көрермендер гол көре алмады. Екінші тайм да шиеленісті түрде жалғасты. Матч тағдырын колумбиялық Даниэль Муньостың 76-минутында соққан голы шешіп кетті.
Жаза кетейік, К тобының үшінші тур кездесулері 28 маусымда өтеді. Сол күні Өзбекстан Конго ДР құрамасымен кездессе, Португалия Колумбияға қарсылас атанады.