Осылайша, құрама өз тарихында тұңғыш рет плей-офф кезеңіне жолдама алып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Матч Мексиканың Монтеррей қаласында өтті. Ойындағы жалғыз голды 63-минутта жартылай қорғаушы Тапело Масеко салды.
Осы жеңістен соң ОАР құрамасы небәрі 4 ұпай жинаса да, А тобында екінші орынға шықты. Енді құрама 1/16 финалда Канадамен кездеседі.
Ал Оңтүстік Корея 3 ұпаймен үшінші орынға сырғуға мәжбүр болды. Бұл ұпай оларды плей-оффқа шығу мүмкіндігінен айырып отыр. Десе де, басқа топтағы ойындардың нәтижесі де басшылыққа алынады.
Дәл осы топта Мексика Чехияны 3:0 есебімен сенімді түрде жеңген еді. Олар 3 матчта да 100 пайыздық нәтиже көрсетіп, 9 ұпаймен бірінші орын алды. Ал Чехия құрамасы небәрі 1 ұпаймен соңғы сатыда тұр.